
Мектебімізде 05 мамыр күні Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған мектепішілік “Жеңіс салтанаты — ән мен сапта” тақырыбында 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен ән және сап байқауы ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақтың патриоттық рухын арттыру, әскери тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастыру мақсатында өтетін бұл байқау дәстүрге айналған. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас сарбаздардың жігерін жандырып, рухын көтеретін тағылымды іс-шараға айналды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың саптық дайындық деңгейін, әннің мазмұны мен орындалуын, сахна мәдениеті мен сырт келбетін жан-жақты бағалады. Нәтижесінде:
Бас жүлде 10 “А” сынып
I орын 11 “А” сынып
I орын 7 “А” сынып
II орын 8 “А” сынып
II орын 9 “А” сынып
III орын 9 “Б” сынып
