Мектебімізде «Атадан – балаға мұра» атты тәрбиелік-танымдық шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді дәріптеу, оқушылардың рухани-мәдени дамуын қолдау және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру болып табылады.
Шара барысында оқушыларға қазақ халқының дәстүрлері, ата-баба аманаты, ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтары жөнінде мағлұмат берілді. Сонымен қатар, оқушылар ата мұрасының мәні туралы ой бөлісіп, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызын талқылады.
«Атадан – балаға мұра» іс-шарасы жас ұрпақты өткенді құрметтеуге, салт-дәстүрге адал болуға, ұлттық болмысты бағалауға тәрбиелеуге бағытталған маңызды тәрбиелік жұмыс ретінде өтті.
