Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

9-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АТТЕСТАТ АЛДЫ

Бүгін мектебімізде 9-сыныпты аяқтаған білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру рәсімі өтті. Аталған шарада мектеп директоры М.Е.Бейсембаева түлектерге ізгі тілегін білдіріп, 24 білім алушыға аттестат табыстады. Ата-аналар ұстаздарға алғысын айтып, әрбір түлек үшін бұл сәттің ерекше және маңызды екенін атап өтті.

9-сыныпты сәтті аяқтаған оқушыларды құттықтаймыз және келешектеріне зор табыс тілейміз!