Балабақшада балалардың денсаулығын нығайту және эмоционалдық жай-күйін жақсарту мақсатында 13 маусым күні «Балапан» тобының тәрбиешісі А.Е.Галиеваның ұйымдастыруымен тыныс алу жаттығулары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың тыныс алу жүйесін дамыту, тыныштандыру және зейінін шоғырландыру.
Тәрбиеші балалармен бірге қарапайым тыныс алу жаттығуларын орындады. Мысалы, «гүлді иіскеу», «шар үрлеу», «көбелек тынысы» сынды ойын түрінде ұйымдастырылған жаттығулар балалардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
