Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

19 маусым күні мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде балалардың лагерьде жинаған жақсы әсерлерін еске түсіру, достық қарым-қатынасты нығайту, жағымды эмоция қалдыру мақсатында жоспарға сәйкес «Жағымды естеліктер күні» өтілді.Күн әсерлі күн болды. Бұл күн лагерьде өткен қызықты сәттерді еске түсіруге, жаңа достармен бірге өткізген ұмытылмас күндерді бағалауға арналған.
Балалар лагерьдегі әрбір сәтін еске алып, суреттер мен видеоларды тамашалап, достарымен бірге
естеліктерімен бөлісті.. Балалар шығармашылық жұмыстар жасап, өз қолдарымен ашық хаттар, суреттер дайындады. Бұл – олардың шынайы сезімін, ризашылығын білдіретін ерекше мүмкіндік.
Сондай-ақ, топтар арасында қойылымдар, әндер, флешмобтар ұйымдастырылып, барлық балалар бір-біріне жылы тілектерін білдірді. Шара соңында «Ең жарқын естелік» аталымы бойынша марапаттар табысталып, ортақ би кешімен жалғасты.