«Мектепке жол» акциясы
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және Шар қаласының тұрғындары! Біздің мектебімізде жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету.
Сізді балалардың болашағына бірге үлес қосуға шақырамыз!
Әр бала білімге лайық. Сіздің кішкентай көмегіңіз – олардың үлкен үміті болуы мүмкін.
Жақсылық жасауға асығайық!
