26.06.2025 ж. күні “Балдәурен” мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінде күн әдеттегідей балаларды қарсы алудан және көңілді таңғы жаттығудан басталды. Таңғы астан кейін «Шынықсаң шымыр боласың» атты қызықты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
Одан кейін топтар бойынша әртүрлі бағыттағы іс-шаралар жалғасты.
«Smart bala» тобында «Кім епті?», «Ойлан тап», «Жылдам қозғал» атты шапшаңдық пен ептілікке негізделген ойындар ойнатылып, балалардың логикалық ойлау, жылдам әрекет ету қабілеттері дамытылды.
«Қыран» тобында «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында жылдамдыққа, қозғалысқа арналған ойындар ойнатылып, командалық рух пен сергектік танытылды. Спорт үйірмесінде «Аңшы мен үйрек» ойыны ойнатылып, балалар ерекше белсенділік көрсетті.
Сонымен қатар, шығармашылық бағыттағы үйірмелер де өз жұмысын жалғастырды. «Шебер қолдар» үйірмесінде балалар «Ертегілер елінде» тақырыбында, қолөнер бұйымдарын жасады.
