Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылғы 18 қазан күні мектебімізде Мектеп парламенті президентін сайлау өтті. Бұл сайлауға мектептің педагогикалық құрамы мен 5–11 сынып оқушылары белсене қатысты.

Аталған іс-шара оқушылардың азаматтық белсенділігін, жауапкершілік сезімін және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Сайлауға түскен үміткерлер:

  1. Рапиева Альбина — 10 “А” сынып оқушысы
  2. Кәденова Самал — 9 “А” сынып оқушысы
  3. Токтағанова Еркежан — 10 “А” сынып оқушысы
  4. Ретхан Зере — 9 “А” сынып оқушысы

Сайлау барысы

Педагогикалық ұжым мен 5–11 сынып оқушылары өз таңдауларын жасап, дауыс беру процесіне белсенді әрі жауапкершілікпен қатысты. Сайлау әділ, ашық, және ұйымдасқан түрде өтті.

Дауыс беру нәтижелері:

  • Ретхан Зере (9 “А” сынып оқушысы) — 37%
  • Токтағанова Еркежан (10 “А” сынып оқушысы) — 29%
  • Рапиева Альбина (10 “А” сынып оқушысы) — 21%
  • Кәденова Самал (9 “А” сынып оқушысы) — 13%

Сайлау нәтижесі бойынша, ең көп дауыс жинаған Ретхан Зере мектебіміздің жаңа Мектеп парламенті президенті болып сайланды