Мектебімізде 2025 жылдың 24 қазанында, жас буынды отансүйгіштікке, жауапкершілікке және бірлікке тәрбиелеуге бағытталған салтанатты іс-шара – «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар ұйымдарына қабылдау рәсімі жоғары деңгейде өтті. 🌟
Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында елжандылық, патриоттық рух, ұжымшылдық және мақсаткерлік қасиеттерді қалыптастыру, олардың мектеп өміріндегі белсенділігін арттыру болды.
Аталған шараға мектеп директоры Бейсембаева Меруер Ертаевна, мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысты.
5-сынып оқушылары – «Жас Ұлан» ұйымының қатарына,
1-сынып оқушылары – «Жас Қыран» ұйымының мүшелігіне қабылданды.
Рәсім барысында жас ұландықтар мен жас қырандар салтанатты түрде ант қабылдап, көк галстук тағып, төсбелгі иеленді. Бұл олардың елімізге адал қызмет етемін деген алғашқы қадамдары болды.
Мектеп директоры Бейсембаева Меруерт Ертаевна құттықтау сөзіде жас буынды шын жүректен құттықтап, ел болашағына сенім арттырып, жақсы оқуға, тәртіпті, белсенді, үлгілі оқушы болуға шақырды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында мектеп Парламенті Президенті Ретхан Зерені ұлықтау рәсімі өтіп, мектеп Парламенті мүшелерін қабылдау салтанаты өтті. Мектеп директоры Ретхан Зереге мектебіміздің атын асқақтатып, туын биіктен көрсетеді деген сенім білдіре отырып, арнайы куәліктерді табыстады. Бұл сәт оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіндегі маңызды кезеңге айналды.
Бұл күн – жас ұландықтар мен жас қырандардың жүрегінде мәңгі есте қаларлық мерекелік сәт, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың символы ретінде сақталары анық.
