Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде 01 шілде күні «Қиял әлемі» тақырыбында қызықты іс-шаралар өтті. Балалар өз қиялындағы ертегі кейіпкерлерін бейнелеп, түрлі суреттер салды. Әсіресе табиғат аясында, ашық аспан астында асфальтқа түрлі-түсті борлармен сурет салу ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ, лагерь ауласында қимыл-қозғалысқа негізделген ойындар ойнатылып, балалар белсенділік танытты. Әр қатысушы өз шығармашылығын көрсетіп, достарымен жақсы көңіл-күйде уақыт өткізді.

Іс-шара балалардың қиялын дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Күн жоспарға сай, ұйымшылдықпен және көтеріңкі көңіл-күйде өтті.