Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025-2026 оқу жылының 1 қыркүйегінде мектебімізде «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты шара өтті. Жаңа оқу жылының ашылу салтанатына 1, 9, 11-сынып оқушылары қатысты.
Салтанатты шараға Шар қаласының әкімі, қамқоршылық кеңесінің төрайымы, ата-аналар комитетінің төрайымы қатысты. Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, өткен оқу жылындағы аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктер атап өтіліп, жаңа оқу жылына толағай табыстар тіленді. Шара оқушыларға рухани серпіліс сыйлап, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық құндылықтарын дәріптейтін ерекше атмосферада өтті. #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма #біртұтас_тәрбие_абай_облысы_жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#ұлттық_сезім_абай_облысы