Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2.07.2025күні “Балдәурен” жазғы демалыс лагерінде «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында топтық сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында болашаққа деген сенімділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, шығармашылықпен ойлауға, өз ойын еркін жеткізуге және топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту болды.
Сайыс барысында келесі кезеңдер қамтылды:
«Тұлғаны таны» – ұлы тұлғалар туралы білімдерін анықтау
«Болашаққа хат» – балалардың арман-мақсатын жеткізу
«Мен – болашақ маманымын!» – кәсіби бағытты таныстыру
«Сөз маржаны» – қанатты сөздер арқылы ой өрбіту
«Болашақты бейнеле» – шығармашылық сурет салу арқылы болашақты елестету
Сабақ соңында топтардың белсенділігі бағаланып, үздік шыққан топ марапатталды. Барлық оқушылар ерекше ынтамен қатысып, белсенділік танытты.

Сонымен қатар балалар «Сөз мергені», «Шебер қолдар», «Спорт»,«Театр әлемі» үйірмелерінде белсене атсалысты. Бұл үйірмелер шеңберінде оқушылар тек білім мен шеберліктерін шыңдап қана қоймай, болашаққа деген көзқарастарын да кеңейтіп,