Мектебімізге 3 қыркүйек күні Семей қаласындағы №36803 әскери бөлімінен тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі командирдің орынбасары подполковник Карыбаев А.Е., капитан Тайр А., капитан Рахметов Е.А., аға сержант Муратов Қ.С. және взвод командирі аға сержант Базанов С.Е. мектебімізге арнайы келіп, жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Отырыс барысында олар 10-сынып оқушыларына мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор ерлік сабағын өткізді. Шара барысында оқушылар Отан алдындағы борыш, патриотизм мен ел бірлігінің маңыздылығы туралы терең мағлұмат алды. Бұл кездесу олардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, елге деген сүйіспеншілікті нығайта түсті.
