
Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 8-16 қыркүйек аралығында «Ауаны ластамайық» экочелленджі өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, табиғатты аялауға, экологиялық жағдайларды дұрыс түсінуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Білім алушылар және «Жасыл клуб» мүшелері челлендж өткізу кезеңі ішінде:
— пластиктен бас тарту;
— мүмкіндігінше қоғамдық көлікті, велосипедті немесе автомобиль орнына жаяу серуендеуді пайдалану;
— электр энергиясы мен жылуды үнемдеу;
— ағаш/өсімдік отырғызуға немесе аумақты көгалдандыруға қатысуға және достар мен таныстардың арасында экобаланс туралы ақпарат тарату т.б. тақырыптарды қолдауға шақырды.
Аталған іс-шарада мектебіміздің білім алушыларының шығармашылық қабілеттері ерекше аталып, арнайы грамоталармен марапатталды.
