2025 жылдың 1-қазанында Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «К.Шакенов атындағы орта мектебінде» 5-11 сынып оқушылары арасында Облыстық «Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы, ұлт алыбы, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, ғылым қайраткері М.О. Әуезовтың шығармашылығын дәріптеу, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұраларының құндылықтарын халыққа жеткізу және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту , жас ұрпақты тәрбиелеу, жазушының әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында өткен облыстық «Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» байқауының аудандық кезеңі мектебіміздің оқушылары қатысып төмендегідей нәтижеге қол жеткізе алды:
І. «Заңғар жазушы ізімен..» номинациясы – эссе жазу байқауы бағамы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Мақсұтбек Арай І орынды жеңіп алды. Жетекшісі
ІІ. «М.Әуезов шығармаларынан сахналық қойылым» бағамы бойынша мектебіміздің өнерлі оқушылары ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі-Хамитова Ш.Х.
