Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми–әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мектептердің 9–10 сынып оқушыларына арналған қашықтан облыстық «Заңды олимпиадасы» өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты:
* оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
* құқықтану және қоғамдық пәндерге қызығушылығын дамыту;
* құқықтық нормалар мен жағдайларды талдауға қабілетті дарынды оқушыларды анықтау;
* азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сананы қалыптастыру. Нәтижесінде мектебіміздің 9-сынып оқушысы Ретхан Зере жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі-А.М.Даулетказина.