Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

08.07.2025 күні «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде «Сән әлемінде» тақырыбында ерекше шығармашылық күн өтті. Шара барысында балалар сән туралы мағлұмат алып, өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды.

🔸 Қалпақтар шеруі – Балалар өз қолдарымен безендірген түрлі-түсті қалпақтарын киіп, сән сахнасында жүріп өтті. Әр топтың қалпағы ерекше стильде жасалып, креативтілігімен ерекшеленді.

🔸 Доппен ойындар – Ашық алаңда көңілді эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Балалар топқа бөлініп, доппен секіру, допты кедергіден өткізу, дәлдеп лақтыру сияқты қызықты жарыстарға қатысты.

🔸 Шығармашылық бұрыштар – Балалар сән журналының мұқабасын жасап, сурет салып, сән тақырыбында аппликациялар дайындады.
Іс-шара соңында көтеріңкі көңіл күймен күнді қорытындылады.