Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Ақтайлақ би оқулары» аудандық байқауы туралы
2025 жылдың 15- қазанында Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің базасында 7- 11 сынып оқушылары арасында аудандық «Ақтайлақ би оқулары» байқауы өтті.
Мақсаты:
* Қазақ халқының атақты шешені, биі, батыры, төкпе ақыны Ақтайлақ би шығармаларын насихаттау;
* Ақтайлақ бидің рухани мұрасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқауға ауданның білім бөлімдерінен 53 оқушы қатысты.
Нәтижесінде «Білгір би, Ақиық ақын» Ақтайлақ би шығармаларынан ғылыми жоба қорғау бағыты бойынша мектебіміздің 7-сынып оқушысы Архат Гүлім жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі-Қабышева Аружан Серікболқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.