«Қош бол, Балдәурен» жабылу салтанаты
2025 жылғы 11 шілде күні Балдәурен жазғы тынығу лагерінде «Қош бол, Балдәурен» атты салтанатты жабылу кеші өтті. Бұл ерекше күнде лагерьдің барлық тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері бір-біріне алғыс айтып, көңілді маусымның соңғы естеліктерін бөлісті.
Іс-шара мерекелік концертпен басталды. Балалар өздері дайындаған әндер мен билерін ұсынды. Әр топ өнерлерін ортаға салып, лагерьде үйренген қабілеттерін көрсетті. Әсіресе, ортада орындалған «Сағындырған балдәурен» әні жиналғандардың көңілін толқытып, ерекше әсер сыйлады.
Балалар өз әсерлерімен бөлісіп, лагерьде өткізген қызықты сәттерін еске алды. Тәрбиешілер мен лагерь жетекшілері белсенді балаларды мақтау қағаздарымен марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанат соңында әуе шарлары ұшырылып, барша қатысушылар бір-біріне жақсы тілектерін арнады. Бұл күн лагерьдің әрбір қатысушысы үшін ұмытылмас әсер қалдырды.
