Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

9 Қыркүйек – Тоғызқұмалақ күні
Бүгін, 9 қыркүйекте, ұлттық зияткерлік ойын – Тоғызқұмалақ күніне орай мектебімізде арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Үзіліс уақытында оқушылар мен ұстаздар бас қосып, тоғызқұмалақ ойынын бірге ойнады. Мақсат – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және тоғызқұмалаққа деген қызығушылығын арттыру болды. Шара барысында түрлі сынып оқушылары өзара бәсекеге түсіп, тәжірибелі мұғалімдерден кеңестер алып, қызықты партиялар өткізді. Тоғызқұмалақ ойыны қатысушылардың ынтасын оятып, достық қарым-қатынасты нығайтты. Ұлттық ойынымызды насихаттау әрі жастардың бойына рухани-мәдени мұраларымызды сіңіру бағытындағы бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
#9qqday
#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма