2025 жылдың 3 қарашасында мектебімізде 1–11 сыныптар арасында «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты – оқушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа және өз еңбегімен табыс табуға тәрбиелеу, әр істі жауапкершілікпен орындауға баулу.
Сабақтар түрлі формада, қызықты әдіс-тәсілдер арқылы өтті: бейнероликтер көрсетіліп, пікірталас пен топтық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде оқушылар адал еңбек пен шынайылық арқылы ғана нағыз жетістікке жетуге болатынын түсінді.
Адал азамат – елдің тірегі, қоғамның сенімді болашағы!
