Мектебімізде 12 қыркүйек күні “Тілдер шеруі” айлығы аясында жас ұстаздар арасында «Жырлаймын туған тілімді» атты өлеңдер оқу эстафетасы ұйымдастырылды.
Мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұстаздардың шығармашылық қабілетін дамыту және тіл құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Ұстаздар поэзия арқылы туған тілімізге деген терең махаббатын, құрметін шебер жеткізе білді. Әр өлең шынайылығымен, мазмұндылығымен ерекшеленді.
Бұл шара ұстаздар арасында тілге деген жауапкершілік пен патриоттық сезімді оятуға үлкен үлес қосты.
@abai_bilim_basqarmasy @zharma_bilim_bolimi @school_kobdykov @tursynov_atyndagy_orta_mektebi @karelinschool #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма #біртұтас_тәрбие_абай_облысы_жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#ұлттық_сезім_абай_облысы
