1 қазан – Қарттар күніне орай мектебіміздің 8 “Б” және 10 “А” сынып оқушылары ардагер ұстазымыз, білім саласына саналы ғұмырын арнаған Сапаров Тоқтарбек Бейсекенұлының шаңырағына барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Оқушылар ұстазға шын жүректен алғыс айтып, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстап, жылы лебіздерін білдірді. Ардагер ұстаз өз кезегінде ризашылығын білдіріп, оқушыларға ізгі тілектерін арнады.
