Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

30 қыркүйек күні «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай өткізілген «Қарттарым – асыл қазынам» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты:
Оқушыларға Қарттар күні туралы түсінік беру, оның маңызын ұғындыру;
Үлкендерді құрметтеу, қарт адамдарға қамқор болу, ізет көрсету сияқты ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
Оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, адамгершілік қасиеттерін дамыту;
Отбасындағы және қоғамдағы үлкендердің орны мен рөлін ұғындыру;
Қарттарға алғыс айту, оларға қуаныш сыйлау секілді ізгі әрекеттерге тәрбиелеу.