«KÜZ TREND – 2025» байқауы 2025 жылдың 22 қазан күні мектептің акт залында өтті. Байқауға 5–11 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан 1 ұл мен 1 қыз қатысып, түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады.
Іс-шараның басты мақсаты — оқушы қыздардың шығармашылығын, сахна мәдениетін, және сән-салтанатын көрсету. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналар, мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру көзделді.
Байқау төрт бөлімнен тұрды:
1. Таныстыру – оқушылар өздерін индивидуалды түрде таныстырды яғни, видео немесе сахналық қойылым ретінде.
2. TikTok Trend – оқушы, ата-ана және мұғалім бірігіп дайындаған қысқаметражды видео ұсынылды.
3. Өнер көрсету – сыныппен бірге сахналық өнер көрсетілді.
4. Туған өлкеге үлес – қатысушылар туған жер тазалығына қатысты өткізген акция туралы бейнеролик көрсетті.
Бұл байқау оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өнерге деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымдастығының бірлігін нығайтты
