Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Т. Абылханованың ұйымдастыруымен Республика күні қарсаңында «Егемендік күні — тарихи қадам» тақырыбында 7-10 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті.
🇰🇿Бұл шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздік алған күнін ұлықтап, егемендік жолындағы тарихи қадамдарды тереңірек түсіндіру. Оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздігін алуы, оның ел өміріндегі маңызы мен тарихи мәні туралы кеңінен мағлұмат беру. Сондай-ақ, жас ұрпақты еліміздің өткені мен бүгінін бағалауға, болашағына деген жауапкершілікті сезінуге баулу.
📜❓Дөңгелек үстел барысында оқушылар «Егемендік және Қазақстанның тәуелсіздігі» тақырыбы бойынша пікір алмасты. Олар еліміздің тәуелсіздікке жеткен жолын, ұлттық бірліктің маңызын, мемлекеттің дамуындағы жетістіктер мен қиындықтар туралы ойларын ортаға салды. Спикерлер Оразбай Ақбаян мен Ермұхамет Мөлдір өз баяндамаларын оқып, қатысушыларға сұрақтар қойды.

Құжаттама

Аты Түрі мен өлшемі
, Қараңыз Жүктеу