Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазақстан халқының тілдер күніне орай мектебімізде өткізіліп жатқан «Тілдер шеруі» айлығының жоспарына сәйкес 7–11-сынып оқушылары арасында «Табиғат тілінде сөйлейік» атты квест ойыны өтті.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу, сонымен бірге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тілдік дағдыларын жетілдіру болды.

Квест барысында оқушылар бірнеше топқа бөлініп, әртүрлі бекеттерде дайындалған тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне байланысты болды. Сонымен қатар, экологиялық жағдаяттарға қатысты пікір білдіріп, жұмбақтар шешіп, үш тілде білімдерін сынады.
Ойынға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өздерінің тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Жеңімпаз топтар арнайы марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

«Табиғат тілінде сөйлейік» квест ойыны жас ұрпақтың табиғатты қорғау жауапкершілігін арттырып қана қоймай, көптілділікке деген қызығушылығын дамытып, танымдық өрісін кеңейтті. #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма #біртұтас_тәрбие_абай_облысы_жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#ұлттық_сезім_абай_облысы