Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Оқушылардың арасында буллингтің алдын алу бойынша әлеуметтік бейнематериал түсірілді.
Бейнематериалда мектеп оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынасы, буллингтің түрлері мен оның салдары көрсетіліп, оны болдырмау жолдары ұсынылады. Роликте балалардың эмоциялық хал-жағдайы, құрдастар арасындағы түсіністік пен қолдаудың маңызы көрініс табады.
Мақсаты:
Оқушылардың арасында буллингке қарсы сананы қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу, құрдастар арасында өзара құрмет пен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ буллингтің алдын алу жолдарын көрсету арқылы қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын құру.