2025 жылдың 5 қарашасы күні мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес “Абай әлемі” дебат үйірмесінің жетекшісі Ж.Т.Абылханованың ұйымдастыруымен “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында 9-11 сыныптар арасында «Оқушылардың үй тапсырмасын орындауда ЖИ қолдануы – алдау ма, әлде жаңа оқу формасы ма?» тақырыбында дебат ойыны өтті.
Мақсаты- оқушылардың үй тапсырмасын орындау барысында жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалану мәселесіне сыни тұрғыдан қарап, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау, адалдық пен заманауи білім алу тәсілдерінің ара жігін анықтау, сонымен қатар оқушылардың пікір айту, талдау, дәлел келтіру және сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
