Балабақша
Балабақшада балалардың денсаулығын нығайту және эмоционалдық жай-күйін жақсарту мақсатында 13 маусым күні «Балапан» тобының тәрбиешісі А.Е.Галиеваның ұйымдастыруымен тыныс алу жаттығулары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың тыныс алу жүйесін дамыту, тыныштандыру және зейінін шоғырландыру. Тәрбиеші балалармен бірге қарапайым тыныс алу жаттығуларын орындады. Мысалы, «гүлді иіскеу», «шар үрлеу», «көбелек тынысы» сынды ойын түрінде ұйымдастырылған жаттығулар балалардың […]
