«1 маусым- Балаларды қорғау күні» мерекесі
қарсаңында мектебімізде «Балдаурен» жазғы демалыс лагерінің бірінші маусымы ашылды. Лагерьге 1-7 сынып оқушылары қамтылды. Мектеп директоры М.Е.Бейсембаева балаларды мерекесімен құттықтады. Лагерьге келген оқушыларға мектеп тарапынан балмұздақ пен сусын таратылды.Түрлі қызықты ойындар ойнап, балалар мерекелік күнде ерекше қуанышты көңіл-күйде болды.Ашылу салтанатынан кейін лагерь тәрбиешілері балаларды орталық алаңға мерекелік концерт тамашалауға апарды.Мектебіміздің бишілері орталық алаңда өнер көрсетіп, шағын сыйлықтарға ие болды.
