1 қазан – Қарттар күніне орай мектебіміздің 5–7 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге тыл ардагері Күлмұхамедова Раушан апаның үйіне арнайы барып, мерекелік құттықтау жасады. Кездесу барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған ашық хаттар мен гүл шоғын табыстап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Ардагердің өмір жолы мен еңбек ерліктері жайлы әңгімесін тыңдай отырып, оқушылар үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен өнегесіне құрметпен қарауға тәрбиеленді. Раушан апа оқушыларға батасын беріп, алғысын айтты.
