“01ЖШС «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Семей филиалының Шар атқыштар командасы
Қарауыл басшысы А.С. Сейткалиев және Өңіраралық шұғыл әрекет оңтайлы тобының мүшелері Т.О.Жеңісов, Д.К.Нұрмұханбетов, Е.Б.Бекенов мектебімізге келіп, 10–11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға әскери тәртіп, құқықтық жауапкершілік, темір жол нысандарын қорғау қызметінің маңыздылығы және аталған саладағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.
