Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының жоспарына Оқушылардың арасында буллингтің алдын алу бойынша әлеуметтік бейнематериал түсірілді.

Бейнематериалда мектеп оқушыларының бір-бірімен қарым- қатынасы, буллингтің түрлері мен оның салдары көрсетіліп, оны болдырмау жолдары ұсынылады.

Роликте балалардың эмоциялық хал-жағдайы, құрдастар арасындағы түсіністік пен қолдаудың маңызы көрініс табады.

Мақсаты:

Оқушылардың арасында буллингке қарсы сананы қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу, құрдастар арасында өзара құрмет пен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ буллингтің алдын алу жолдарын көрсету арқылы қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын құру.