Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

19 қыркүйек күні Бақыршық орта мектеп базасында Қазақстан Республикасының қорғаушыларын даярлау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау, оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасындағы әскери-қолданбалы спорт түрлерінен аймақтық турнирдің аудандық кезеңі өткізілді. Нәтижесінде мектебіміздің командасы “АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау” бойынша командалық есепте ІІ орынға ие болды.
Жекелей есепте:
11-сынып оқушылары Кенжехан Аяулым – ІІІ орын, Муслим Мақсат – І орынға ие болды.

Ал “Пневматикалық мылтықтан ату” бағыты бойынша командалық есепте ІІІ орынға ие болды.

Жетекшісі: Кушербаева Гульжан Мирадовна.