Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

23 маусым күні мектеп жанындағы “Балдәурен” жазғы демалыс лагерінің 2-ауысымының шымылдығы ашылып, өз жұмысын бастады. Лагерьге 1-8 сынып оқушылары қамтылды. Рухани-адамгершілік бағыт бойынша мерекелік концерт ұйымдастырылды. Айдаһар, жүрек, аю кейіпкерлерін сомдаған тәрбиешілер балаларды қызықтырып, қызықты ойын ойнатып ән айтып, би биледі. Жазғы демалыс лагерінің жетекшісі А.Т.Оспанова келген балаларға лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелері және күн тәртібімен таныстырды.
Балалар топтарға бөлініп, әрбір топ өз атауын, ұранын, топ басшысын анықтады. Сонымен қатар, тәрбиешілер топ басшыларға лагердің қауіпсіздік және тәртіп ережелерін түсіндірді.
Кейін түскі ас беріліп, балалар жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.