Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Абай мұрасы ұрпаққа аманат: қазіргі білім мен тәрбие берудегі Абай ілімдерінің өзектілігі, мұғалім-оқушы тандемі» атты аудандық семинар

2025 жылдың 16 мамырында мектебімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы ұрпаққа аманат: қазіргі білім мен тәрбие берудегі Абай ілімдерінің өзектілігі, мұғалім-оқушы тандемі» атты аудандық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты — Толық адам ілімі негізінде құндылықтарға бағытталған креативті оқытудың түрлі аспектілерінде Абай ілімдерінің өзектілігін таныту және сапалы білім беру. Іс-шараға аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері және басқа да педагогтар қатысты.

Бағдарлама үш бөлімнен тұрды: «Нұрлы ақыл», «Ыстық қайрат», «Жылы жүрек». Семинарға балабақша, мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері, 1-11 сынып оқушылары толықтай қамтылды.

Іс-шара барысында шеберлік сағаттары, кино алаңындағы кездесу, сахналық қойылымдар, танымдық ойындар, виртуалды сабақтар және сыр-сұхбат форматындағы сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, «Абай — қазақтың Темірқазығы» қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Кабинетті ашу құрметі Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгер мен Білім бөлімінің басшысы м.а. Д.Т. Ақзамовқа берілді.

Семинар «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…» атты гала-концертпен жалғасты.Көрермендерге ерекше әсер қалдырған отбасылық әдеби монтаж, өлең мен бидің үйлесімін тапқан театрландырылған шок, сахналық қойылым, әке мен бала хоры, батырлар биі, ұстаздар хоры көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Іс-шара соңында белсенділік танытқан ұстаздар аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттармен марапатталды.
Отредактировано · 28 нед.
Мектебімізде өткен аудандық семинар бізге тек Абай мұрасын ұлықтау ғана емес, өзіміздің шығармашылық әлеуетімізді, кәсіби шеберлігімізді көрсетуге де мүмкіндік берді. Қонақтардан жылы лебіздер естіп, еңбегіміздің бағаланғанын сезіну – біз үшін үлкен қуаныш. Осындай іс-шаралар ұстаздар ұжымының ұйымшылдығын арттырып, ортақ мақсат жолында біріге жұмыс істеуге шабыт береді.