Биыл мектебімізде алғаш рет ерекше әрі әсерлі шара — Жұлдыздар шеруі өткізілді. Бұл мерекелік шара 4-сынып оқушыларының әсем вальс биімен ашылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз мектеп директоры Меруерт Ертаевнаға берілді.
Жұлдыздар шеруі жеті бөлімнен тұрды:
Бірінші бөлімде 2-4 сынып оқушыларының арасынан үздік білім көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Екінші бөлімде жыл бойы аудандық және облыстық деңгейде жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларға «Жетістік» значогы мен Алғыс хаттар табысталды.
Үшінші бөлімде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық аудандық семинарында хорға белсене қатысқан әке мен бала дуэті, сондай-ақ өлең оқыған 4 отбасы мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Төртінші бөлімде мектеп директорының атынан екі ұстазға «Құрмет грамотасы» табысталды.
Бесінші бөлімде республикалық және облыстық деңгейде жетістікке жеткен оқушыларға «Жыл жұлдызы – 2025» статуеткасы берілді.
