«Әкем — тірегім, Анам — жүрегім» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары және ата-аналарымен кездесу
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» тұжырымдамасында көзделген міндеттерді іске асыру мақсатында 2025 жылдың 20 мамырында мектебімізде білім алушылардың ата-аналарымен «Әкем — тірегім, Анам — жүрегім» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары және ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен балаларды тәрбиелеу, дамыту және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсінігін кеңейту.
Кездесу арт-терапия элементтері бар шеберлік сабағы форматында өткізілді.
#Қазақстанбаллары
#өпқәо
#рмцпп
