Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

04.07.2025 күні “Балдәурен” жазғы тынығу лагерінде Астана күніне арналған «Астана – арман қала» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке – еліміздің бас қаласы Астананың құрметіне арналған ерекше күн.

Астана күні – Қазақстан Республикасының елордасы Астананың құрметіне арналған ұлттық мереке. Бұл күн жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы, заманауи сәулетімен, мәдениетімен және қарқынды дамуымен ерекшеленетін қала.

Іс-шараның мақсаты – балаларға елорданың тарихы мен маңызын түсіндіру, патриоттық сезімдерін ояту. Мерекелік шара барысында балалар Астана туралы өлеңдер оқып, әндер шырқады. Түрлі қызықты ойындар ойнатылып, көңілді жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар бірлесе отырып флешмоб биледі. Іс-шара өте қызықты өтіп, балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.