Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектебімізде «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды болашаққа дұрыс бағдарлау, олардың тұлғалық дамуын қолдау, арман-мақсаттарын айқындауға және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал ету болды.

Іс-шара барысында оқушыларға адамгершілік құндылықтар, мақсат қою, табандылық, еңбектің маңызы және болашақ мамандық таңдаудағы жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, алдағы жоспарлары мен болашаққа деген көзқарастарын ортаға салды.

Шара оқушылардың өмірлік бағыт-бағдарын кеңейтіп, жеке қабілеттерін дамытуға, өз болашағына сеніммен қадам жасауға мотивация берді.