Бүгін мектебімізде “Халықаралық балаларды қорғау” күніне арналған. «Балалар үні» тақырыбында пікір алмасу өтті.
Мақсаты: Балалардың пікірін тыңдау, олардың армандары мен ұсыныстарын еркін айтуына мүмкіндік беру. Оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, өз қоғамына деген жауапкершілік сезімін дамыту.
«Балалар үні» пікір алмасуы – жас ұрпақтың арманы мен үмітін, пікірін ашық жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Балалардың ойы мен ұсыныстары қоғам дамуына тың серпін береді. Біз олардың даусын естіп, бірге жарқын болашақ құруға дайынбыз
