Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман” тамыз конференциясы
Жарма ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2025-2026 оқу жылының басталуына орай педагогтердің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан көлеміндегі ең үздік білім ордалары анықталып, «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-сі “Тәрбие мен таным тұғыры-2025” номинациясына ие болды.
Еліміздің Президенті 2025 жылды Жұмысшылар жылы деп жариялауына орай, адал еңбегімен ерекшеленген азаматтар лайықты марапатқа ие болуда. Солардың қатарында мектебіміздің көп жылдық қажырлы еңбегімен танылған кіші қызметкері – Сарбасова Гүлнар Сериккановна Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен марапатталып, ұжымымыздың мерейін үстем етті.
Сонымен қатар, пәндік білім беруде жоғары жетістікке қол жеткізіп, педагогикалық қызметтің нәтижелілігін арттыруға зор үлес қосқан ұстаздар да марапатталды. Атап айтқанда, “Үздік география пәні мұғалімі – 2025” атағы Бейсембаева Гузаль Муродиловнаға табысталды.
Жарма ауданы әкімінің Алғыс хатымен математика пәні мұғалімі Ж.Т.Толеугазинова марапатталса, Жарма ауданы білім бөлімінің Алғыс хатымен тарих пәні мұғалімі А.М.Даулетказина марапатталды.
Жаңа оқу жылы табысты басталып, білім саласында тың жетістіктерге толы болсын! Жарма ауданы
#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жарма
#Абай180жыл_Абай_облысы_Жарма
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма
