3 маусым күні «Балдәурен» лагері таңғы жаттығу жасап , бой сергітуден басталып , таңғы ас ішіп, топ ішінде қызықты іс-шара ұйымдастырылып , үйірме жүмыстарымен жалғасты. Тәрбиеші М.Т.Куттыбаева интеллектуалдық — патриоттық бағыты бойынша «Қазақша QUIZ» танымдық ойынын өткізді. Ойынға топ белсенділері қатысты. Таза ауада серуен жасап, түрлі қозғалыс ойындары ойнатылып, түскі астарын ішіп, оқушылар көңілді күймен үйлеріне тарасты.
