25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында мектебімізде “Мен Республикамды мақтан етемін” тақырыбында 1–11 сынып оқушылары арасында кең көлемді челлендж ұйымдастырылды.
Челлендж мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту, оқушыларды ел дамуына үлес қосуға ынталандыру және заманауи форматта патриоттық идеяларды насихаттау болды.
Челлендж барысында әр сыныптың оқушылары өз шығармашылығын түрлі форматта көрсетті: бейнероликтер түсіріп, ән мен өлең орындады, сурет салып, “Менің Республикам – менің мақтанышым” тақырыбында қысқаша ой-толғауларын ұсынды. Шара оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қабілетін және бірлік рухын айқын көрсетті.
Бұл бастама жастардың өз елінің жетістіктеріне көзқарасын жаңаша қалыптастырып, тәуелсіз Қазақстанның дамуына деген сенім мен мақтаныш сезімін күшейтті
