Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 26 маусым күні “Балдәурен” мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінде “Достық күні” аталып өтті. Бұл күннің мақсаты – балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне көмектесуге, сыйластыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында балалар әртүрлі ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді. Таңғы астан кейін лагерь жетекшілері балалармен бірге “Досымды тап”, “Атомдар мен молекулалар”, “Әріп және зат”, “Кім тапқыр?”, “Пионербол” сынды қызықты ойындар ұйымдастырды. Балалар белсенді қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, достықтың маңызын сезіне білді.

Соңында балалар достық туралы әндер айтып, көңілді шаттыққа бөленді. Іс-шара қызықты әрі есте қаларлық болды.