Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

“Еңбегі адал – жас өрен” жобасы аясында 16 қазан күні мектебімізде “Жұмысшы – мамандықтар” тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға түрлі мамандық иелерінің еңбегін таныстырып, адал еңбек етуге тәрбиелеу. Кездесуге 21 ӨСБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Бексұлтан Қуанышұлы Бексұлтанов, балабақша тәрбиешісі Баймухышова Гульмира Серикказыевна, мектеп диетбикесі Сангалиева Жанылтай Советхановна қатысты. Қонақтар өз мамандықтарының маңызы туралы әңгімелеп, еңбекқорлық пен жауапкершілік жайлы ой бөлісті.
Осындай кездесулер жас өрендердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, болашаққа дұрыс бағыт таңдауға ықпал етеді.Кездесу барысында оқушылар әр мамандықтың қоғамдық рөлін түсініп, еңбек адамдарына деген құрмет сезімін арттырды