Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін, 30 маусым күні, лагерьде балалар «Ертегілер әлемінде» атты сахналық қойылым қойды. Қойылым барысында сахнада тек Аю кейіпкері шығып, балалармен бірге түрлі қызықты ойындар өткізді. Балалар Аюмен бірге билеп, ән айтып, жұмбақ шешіп, түрлі тапсырмалар орындады.

Сонымен қатар балалар эстафеталық жарыстарға қатысып, топ болып ұйымшылдықтарын көрсетті. Күн өте көңілді өтті, балалардың бәрі белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Шара соңында Аю балаларға тәтті сыйлықтар үлестірді.

Бүгінгі күн балалардың достығын нығайтып, көңіл көтеруге арналды.