09.07.2025 ж. Балдәурен жазғы демалыс лагерінде “Ғажайыптар күні” тақырыбында «Қазына іздеу»
қызықты квест-ойын өткізілді. Бұл іс-шара балалардың логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, сондай-ақ бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Қатысушылар 2 топқа бөлініп, карта мен бағыттаушы белгілер арқылы кезең-кезеңмен тапсырмаларды орындады. Жұмбақтар шешіп, шифрланған хаттарды оқып, жасырын кілттерді тапты, логикалық есептерді шеше отырып, қазынаның орнын анықтауға тырысты. Қазына ретінде тәттілер ұсынылды.
Квест кезеңдері:
1. Жұмбақ шешу
2. Шифрланған хабарлама оқу
3. Жасырын кілтті табу
4. Логикалық тапсырма
5. Қазынаның нақты орнын табу
Қазынаны алғаш тапқан топ жеңімпаз атанды. Екі топ та үлкен белсенділік танытып, өзара ынтымақ пен ұйымшылдық көрсетті. Барлық қатысушылар мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Іс-шара соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен естелік суретке түсті. Түскі астан кейін үйірме жұмыстары жалғасын тапты
