Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

27 маусым күні «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде тәрбие жұмыстары рухани тәрбие бағыты аясында өтті. Балалардың бойына адамгершілік, адалдық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді дарыту мақсатында «Кино – рухани тәрбие құралы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

Балаларға қазақ киноөнерінің озық туындысы – «Менің атым Қожа» көркем фильмі көрсетілді. Фильм арқылы оқушылар шыншыл болу, өз ісіне жауап беру, үлкендерді құрметтеу сияқты рухани құндылықтарды түсініп, өз әсерлерімен бөлісті.

Түскі астан кейін балалардың қатысуымен велоспорт жарысы ұйымдастырылды. Олар белсенділік танытып, өз шапшаңдықтары мен төзімділіктерін көрсетті. Сонымен қатар, лагерь ауласында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, балалар күнді көтеріңкі көңіл-күймен әрі пайдалы өткізді.